АЛДЫ

lat: ALDY /484/

зат. 1. Адамның көзі, беті қараған жақ; бара жатқан бағыты .

Досым өтсе алдымнан қырын қарап,

Бозторғайым кеудемде шырылдамақ.

Естігісі келмейді бәтшағардың,

Қорғасынмен құлағын тығындап ап (2,87).

Жалғыз сәтпен жанымды дір еткізген,

Сені алдымнан , құрбыжан, кім өткізген?!

Жанарыңды жасырып, аулақтайсың,

Жүзге тура қарамас жүрексіз бе ең? (3,190).

2. Адам денесінің алдыңғы жағы, екі денесінің алдыңғы жағы, екі санының (тізесінің) үсті .

Бәрі де таныс маған:

Ана таныс алдына бала ұстаған,

Бала таныс басынан бағы ұшпаған.

Аспан таныс неғұрлым көп қарасаң,

Соғұрлым шыңырауда алыстаған (2,222).

Қазір де кіп-кішкентай басын Марусяның алқымына жасырып, алдына отырып алыпты (4,191).

3. Отырған орнының алдыңғы жағы (қол жетер жер) .

Дұшпаның бар ма? дейсің, Қайдан білем.

Әйтеуір, жүрген жерім сайран кілең.

Қазақтың қайсы үйіне барсам дағы, Алдымда ақ дастарқан, жайған кілем (2,228). Ас артынан алдыға шұбат келді, Біреу татып, біреулер сынап көрді. Қызылқұмның қиылып қыз-келіні, Шұбат емес, бір шара шуақ берді (2,18). // Қарсы алды . Сыңқылдасып, күлісіп, сырды ақтарып, Сылқым жастар барады қырға аттанып. Әпенде қарт көтеріп немересін, Әжеміздің алдында тұр мақтанып (2,244). Алдымда тұрған мынау кім деймін?! Алдымда менің адасып кеткен арман тұр. Жылатсам ба екен, жұбатсам ба екен, білмеймін?! (1,302). 4. Бір нәрсенің алды, қасы, жаны, қарсы беті . Кеземін деп елімнің бар аймағын, Кешіктім мен кешіңнен, қарайладым. Көрдім сені, өзімді, дидарымды, Тұрғандай-ақ алдында шар айнаның (2,232). Көзің қайда көшеден мені іздеген, Сөзің қайда жанымыз егіз деген? Терезеңнің алдына келіп тұрмын, Көгершіндей қысты күн жем іздеген (2,229). 5. Сыйлы, құрметті, лауазымды адамның отырған орны, тұрған жері . Есімде менің алдыңа сенің барғаным, Санаңды бөліп, сөзімді менің алмадың. Алаңсыз едің күлкіңмен ғана алдадың, Алдадың дағы, алыстай бердің, арманым (1,303). Түсінбеймін мен саған, Түсіне алмай шаршағам. Күліп барып алдыңа , Жылап шықты қанша адам (3,55). 6. Бір нәрсенің алды, бас жағы . Есенинді, Неге алдына қоясың деп, достарым, Айыптама, Аксиома алфавиттен бастадым (2,291). Міне, сол кейінгі буынның алды қырыққа толып, арты тақап, қайсыбірі таңдамалысын да жарыққа шығарды (4,288). 7. Ілгергі кезең, алдағы уақыт . Қапаланба, қайғырма! Біткен жоқ әлі бесігің. Болашағың алдыңда , Піскен жоқ әлі несібің (1,11). Су аяғы құрдым ғой ой дегенің, Қалай ғана құрдымға бой беремін!? Әлі талай алдымда салтанат бар, Әлі талай алдымда той көремін (2,373). 8. Бір нәрседен бұрын, соған дейін . Толқын беріп шалғынға, Толықсушы еді самал жел. Күн батардың алдында , Көгілдір тартып асқар бел (1,65). Көңілсізсің, көңілің қаяулы ма? Түнерген аспандайсың жай алдында , Жаным-ау, саған қатер таянды ма?! Тіршіліктің тынысын бағып тұрған, Кім екен тіл тигізген аяулыма?! (2,93). Түнде, жатар алдында Айбар екеуміздің арамызда конфликт болды (4,101).